Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалдыӨткізілген конкурс нәтижесі бойынша облыс әкімінің 2015 жылғы 3 наурыздағы өкімімен Жарқынбаев Ғайнулла Зейнуллаұлы Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ғайнулла Зейнуллаұлы 1954 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Алматы энергетикалық институтын инженер-электрик және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономист мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1978 жылы Қызылорда электр жүйелері мекемесінің инженері болып бастаған. 1989-1993 жылдары - Қызылорда қалалық партия комитетінің инструкторы, ұйымдастыру жұмысы секторының меңгерушісі, 1993-1995 жылдары - «Корда» «Қазақстан-Түркия» біріккен мекемесі бас директорының орынбасары, 1995-1999 жылдары - Қызылорда облысы әкімінің көмекшісі, 1995-1999 жылдары - Қызылорда облыстық пошта байланысы мекемесінің бастығы, 1999-2005 жылдары - Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы, 2005-2008 жылдары - Қызылорда облыстық ішкі саясат департаментінің директоры, 2008-2009 жылдары - Қызылорда қаласы әкімі аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарған.

2009 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 наурыз 2015 г. 1 013 0