Ардагерлерге арналған "Өмір жолы"

Елімізде Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған «Өмір жолы» атты қайырымдылық акциясы өтуде. Акцияның модераторлары – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және «Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы» РҚБ.
Аталмыш акция аясында аудан әкімі Руслан Рустемұлы Ақүйік ауылдық округінің тұрғыны, Ұлы Отан соғысы ардагері Найманбай Құрбановтың шаңырағына арнайы ат басын тіреп, ерекше үлгідегі SOS дабыл қағу тетігі бар ұялы телефонын табыс етті. Елбасы атынан сыйлықтарды табыс еткен аудан басшысы ардагерге туыс-туғандармен және майдандас жолдастармен үнемі байланыс желісінде болуды тіледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 наурыз 2015 г. 770 0