Қызылордада апаттың алдын алған қызметкерлер марапатталды

Қызылордада апаттың алдын алған қызметкерлер марапатталдыҚызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекеме басшылығы кезекті жиналыс кезінде «Құмкөл Сервиз» ЖШС «Сарыбұлақ» мұнай кен орнында болған апатты жоюға қатысқан қызметкерлерді жасаған еңбектері үшін марапаттады. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.


2015 жылдың 17 ақпанында «Сарыбұлақ» мұнай кен орнында газ құбырларында газдың ие бермей атқылап жатқаны белгілі.

Бұл кезде барлық қауіпсіздікті сақтап жұмыс атқарудың үлкен маңызы болды. Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің екі өрт автокөлігі (АЦ-8-70-7, АЦ-8-40-7) мен 14 қызметкер тез арада апат орнына жетті.

Басшылар бірінші кезекте апат жағдайын анықтап, өрт пен жарылу қаупінің алдын алу жолдарын қарастыру шараларын жүргізді. Кез келген уақытта, құрал-саймандарды пайдалану кезінде өрттің тұтанып кету қаупін болдырмай, атқылап жатқан газды тоқтату Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ қызметкерлеріне өте қиынға соқты.

Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қызметкерлеріне қысқа мерзімде апаттың алдын алуда өз қызметінің нағыз мамандары екенін көрсете білген орасан ерліктері үшін үлкен ықылас білдірілді.
Өз ісіне маман қызметкерлер үлкен апаттың алдын алып, өрт пен жарылыс оқиғасын болдырған жоқ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 ақпан 2015 г. 710 0