Облыста жастар ұйымдарының саны артып келеді

Облыста жастар ұйымдарының саны артып келеді«Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Меңлібаев жыл сайын облыс көлемінде жастар қоғамдық бірлестіктерінің саны артып отырғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда облыс бойынша 60 жастар қоғамдық бірлестігі тіркеліп, оның ішінде 42 бірлестік белсенді жұмыс атқарады.

- 2008 жылдан бері тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан күндізгі бөлімде білім алатын студенттерге қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге жәрдемақы бөлініп келеді. Осы мақсатта өткен жылы 3482 студентке 84,4 млн теңге қаржы бөлінді, - деді Е.Меңлібаев.
Айта кетейік, жуық арада жастарга арналған веб-портал ашуды жоспарлап отыр. Онда жұмыссыз жүрген жастар өзінің түйіндемесін орналастыра алады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 ақпан 2015 г. 714 0