Мүлікті жария ету бойынша Қызылорда қаласы алдыңғы орында тұр

Мүлікті жария ету бойынша Қызылорда қаласы алдыңғы орында тұрБүгін облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Қызылорда облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Жақыпбаев басқарманың 2014 жылы атқарған жұмыстарына есеп берді.


Басқарма басшысының айтуынша, Қызылорда облысының бюджеті 2014 жылы 101,5 пайыз, яғни 204 млрд. теңгеге артық орындалған. Республикалық бюджеттен алынатын қарыздар да 5,5 млрд. теңге көлемінде толық алынды. Олар «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» аясында ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға 2,3 млрд. теңге, ипотекалық тұрғын үй құрылысына 2 млрд. теңге және мамандарды әлеуметтік қолдауға 1,2 млрд.теңге.

2015 жылғы 23 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияларға мүлікті жария етуге облыс бойынша жалпы сомасы 3,9 млрд.теңгені құрайтын 349 өтініш келіп түскен.

«Республика бойынша басқа облыстармен салыстырғанда Қызылорда облысында жарияланған мүліктердің саны жоғары болып отыр. Бұл шара аясындағы аса белсенділік танытып отырған Қызылорда қаласы мен Қармақшы ауданының тұрғындары. Нақтырақ айтсақ, бүгінгі күнгі есептілік көрсеткіштері бойынша Қызылорда қаласында - 239 өтініш болса, Қармақшы ауданында - 42 өтініш түскен», - дейді басқарма басшысы Т.Жақыпбаев.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 ақпан 2015 г. 630 0