Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында «Мың бала» шарасы қолға алынбақ. Оның негiзiнде өзге ұлттың 1000 баласы жыл соңына дейiн мемлекеттiк тiлдi меңгерiп шығады.
Бұл туралы бүгiн «Астана-Анкара» қазақ-түрiк медиаконференциясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының бiрiншi орынбасары Ералы Тоғжанов мәлiм еттi.
«Бiз «Мың бала» жобасын бастадық. Ол бойынша, өзге ұлт өкілдерінен 1000 бала жыл соңына дейiн мемлекеттiк тiлдi бiлетiн болады. Бүгiнде ондай жұмыстар атқарылуда», - деп атап өттi ол.
Оның айтуынша, ҚХА-ның жылына арналған барлық шаралармен Ассамблеяның ресми сайтынан танысуға болады.