«Заңсыздыққа төзбейміз»

«Заңсыздыққа төзбейміз» Қазалы ауданы Басықара және Құмжиек ауылдық округтерінде аудандық прокуратураның бастамасымен және «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы «Жас Отан» жастар қанаты, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Қазалы ауданындағы филиалы және Жас Орда жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Заңсыздыққа төзбейміз» атты акциясы аясында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты тұрғындар мен билік және орган қызметкерлері арасында тығыз байланыс орнату, оларға сенімділікті арттыру, тұрғындарды тазалыққа шақыру,заңсыздықты болдырмау.

Кездесу барысында сөз алған аудан прокуроры Ғалым Едігеев ауыл тұрғындарының назарына елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мүлдем төзбеушлік» қағидасы төңірегінде бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды. Сонымен қатар аудан тазалығына жауапкершілікпен қарауға,ұсақ құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырып,қылмыстың түбі жақсылыққа апармайтынын да  қадап айтты.
Сонымен қатар аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Алмас Бегалиев осы  акция төңірегінде ішкі істер бөлімінің қызметкерлері белсенді жұмыс жасайтындығын баяндады.
Кәсіпкерлер палатасы Қазалы аудандық филиалының директоры Ермек Аймаханов халыққа үкіметтің моно қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша,шағын және орта бизнесті дамытудағы берілетін  «Даму» орталығынан аз пайыздық мөлшердегі  несиелер туралы  сонымен қатар ауылдық жерлердегі шағын бизнесті қалай ашу керектігін түсіндірді.  
«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан халықты Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап,ынтымақ пен бірлікті нық ұстауға шақырды және де осы акция барысында партия өкілдері белсенділік танытатындығын айтты.
«Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің  төрағасы  және «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Әлібек Қуанышжастардың осы жұмыстар барысында,аудан жастарының «Мүлдем төзбеушілік»  және «Заңсыздыққа төзбейміз» акциясының аясында өткен шаралармен таныстырды. Алдағы уақытта ауыл жастарында  осы жұмыстар барысында белсенділік танытуға шақырды.  Бұл шара өз жалғасын табатын болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 ақпан 2015 г. 844 0