11 наурызда «Нұр Отан» партиясының XVI Съезі өтеді

11 наурызда «Нұр Отан» партиясының XVI Съезі өтедіБүгін «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 11 наурызында партияның кезекті XVI Съезін өткізу жөніндегі Қаулыға қол қойды, деп хабарланған «Нұр Отан» партиясының Твиттердегі ресми парақшасында партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке сілтеме жасап.


Қазіргі сәтте «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бейнеконференциялық байланыс арқылы аймақтармен селекторлық кеңес өткізуде. Оған еліміздің барлық аймақтарынан 300-ден астам бастауыш партия ұйымының төрағалары қатысуда.

Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының Твиттердегі парақшасында 2015 жыл бастауыш партия ұйымы жылы болып жарияланатыны айтылған.

Б.Байбектің айтуынша, партияның кезекті XVI Съезі - тарихи Съез болмақ. Оған 1200-ден астам делегат қатысады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 ақпан 2015 г. 808 0