Қызылордада екінші дүниежүзілік соғыс туралы фильмдер көрсетілді

Қызылордада екінші дүниежүзілік соғыс туралы фильмдер көрсетілдіҚызылордада Жеңістің 70 жылдығына орай қарттар үйі мен мүгедектер үйінде, сондай-ақ орта мектептерде Ұлы Отан соғысы туралы фильмдер көрсетілуде.

Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай соғыс туралы фильмдердің көрсетілімін ұйымдастырды. Бұл акция алғаш рет қаңтар айында қаладағы қарттар үйінде «Сталинград», «44-жылдың тамызы» («В августе 44-го») атты кинофильмдерінен бастау алды.
Бүгін Талсуаттағы оңалту орталығында тәрбиеленетін балалар «Сталинград» кинофильмін тамашалады.
Соғыс туралы кинофильмдер 4 ай бойы көрсетілетін болады. Негізгі мақсат қарттар үйінің тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, ал мектеп оқушыларына жауды жеңген бабаларының өшпес ерлігі мен ұлылығын осы фильмдер арқылы насихаттау болып отыр.
Алдағы уақытта қала орталығындағы бірнеше орта мектептерде, арнайы оңалту мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне «Мергендер» («Снайперы»), «44-жылдың маусымы» («В июне 41-го»), «Сталинград» кинофильмдері, облыстық жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйінде «Бауыржан Момышұлы» атты деректі фильм, «Бұл Жеңіс күні» («Этот день Победы»), «Мәншүк туралы жыр» («Песень о Маншук») атты кинофильмдер тегін көрсетілетін болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 ақпан 2015 г. 646 0