Американың Вашингтон штатында сүйіктісімен темір жолдың бойында селфи жасамақ болған жігітті пойыз қағып кетті, деп хабарлайды
Bnews.kz.
Округ шерифінің айтуынша, оқиға 21 ақпан күні болған. Жігітімен селфи жасаған қыз аман қалған. Оқиғаның салдарынан пойыздар тоқтатылып тастады. Қазіргі кезде құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның қалай болғанын анықтап жатыр.
Дәл осындай жағдай өткен айдың соңында Үндістанда да болған еді. Үш колледж студенті жақындап келе жатқан пойыздың алдында тұрып, селфи жасаймыз деп, пойыздың астында қалған болатын.