Ұры 15 бас жылқыны айдап бара жатқан жерінен ұсталды

Ұры 15 бас жылқыны айдап бара жатқан жерінен ұсталдыҚызылорда ОІІД-нің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты А.Досанов мал ұрлығы қылмысын ізін суытпай ашты. Қармақшы ауданы, Қуандария ауылының 1953 жылы туылған тұрғынының «Әбділда» жайылымына айдап жіберген 15 бас жылқысын қолды еткен ұры жедел түрде ұсталып, малдар иесіне қайтарылды. Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.


Қазіргі таңда, күдікті азамат Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

15 бас жылқыны белгісіз біреудің ұрлап бара жатқандығын полиция қызметкеріне хабарлаған Басықара ауылы тұрғынына алғыс жарияланып, Қазалы аудандық ішкі істер бөлімі тарапынан марапаттауға және «Сақшы-сарбаз» жасағының құрамына алуға жергілікті әкімдікке ұсыныс берілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 ақпан 2015 г. 541 0