Үстіміздегі жылдың 11-20 ақпан аралығында Катардың Доха қаласында өткен стенд атудан халықаралық турнирде жерлесіміз Айжан Досамағанбетова үздіктер қатарынан көрініп, «траптан» жеңімпаз атанды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Ол 1997 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген Айжан бұған дейін стенд атудан Қазақстан Республикасының және ҚР Кубогының бірнеше мәрте чемпионы және жүлдегері, ҚР III жастар спорттық ойындарының, ҚР мектеп және колледж оқушылары арасында VII жазғы спартакиаданың жеңімпазы.
№ 1 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде жаттығатын Айжанның спорттағы толағай табыстарға жетуіне жаттықтырушысы Максим Коломоецтің үлесі зор.