Мемлекет басшысының халық тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Қазалы ауданы әкімдігі тарапынан нақты шаралар қолға алынуда.
Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі (Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі) мен жеке кәсіпкер Раушан Қожағұлова арасындағы әріптестік келісім аясында төмендетілген бағадағы «Әлеуметтік сауда дүкенін» ашылып халыққа қызмет көрсетуді бастады.
Аталған сауда дүкенінде І сортты ұнның 1-кг 57-60 теңгеден, күнбағыс майының 1кг- 240 теңгеден, картоп, жуа, сәбіз өнімінің 1кг-80 теңгеден, қанттың 1кг-140 теңгеден, жоғарғы сортты ұннан дайындалған вермишельдің 1кг-120 теңгеден сатылып, орталық сауда қатарларындағы нарықтағы бағадан 20-30 теңгеге немесе 20 пайызға төмендетілген бағадан сатылуда.
Жеке кәсіпкер алғашқы сауда күнінде аудан көлеміндегі тұрмысы төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларына сауда жасап, тұрғындарың алғысына бөленді.
Алдағы уақытта жеке кәсіпкер тарапынан сатылатын өнім түрін көбейтіп ет, балық өнімдерінің де бағасын 20 пайызға төмендетуді жоспарлап отыр.