Қызылорда буферлік аймақтан шықты, деді бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жұртшылық алдындағы есеп беру кездесуінде.
- Мемлекеттік ветеринарлық орталықтардың материалдық-техникалық базасының жаңармағанына талай жыл болған еді. Былтыр осы мәселені шешуге 425 миллион теңге қаражат бөлініп, ветеринарлық бекеттер үшін 133 ғимарат, автокөлік пен керекті жабдықтар сатып алынды, - деді ол.
Айта кетейік, ветеринарлық бақылау қызметі өз алдына бөлек облыстық басқарма болып құрылды. Осы шаралардың арқасында биыл Қызылорда облысы буферлік аймақтан шықты. Енді өңір өз-өзін етпен қамтамасыз етіп, оны сыртқа да шығара алатын жағдайға жетті.