Арал ауданында газдандыру жұмысы басталды

Арал ауданында газдандыру жұмысы басталдыАрал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Арал ауданының тұрғындары онлайн режим арқылы телекөпірден облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың халық алдындағы есебін тыңдады.
Аймақ басшысы Арал ауданын газдандыру жұмысына басты назар аударылатынын айтты. Облыстық бюджет есебінен көгілдір отынға 23 млрд. теңге қаржы бөлінді. Аймақты газбен қамту аясында 1000-нан аса жұмыс орны ашылады. Арал және газ жүргізу жұмыстары бүгін 18 ақпанда басталды.

Бейнеу-Шымкент газ құбыры арқылы Арал қаласы 100 пайыз газбен қамтылады. Кезең-кезеңімен елді мекендерге газ тарту жұмыстары жүргізіледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 ақпан 2015 г. 803 0