Қызылорда облысында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы басталды. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
- Көптен күткен шыны зауытының құрылысы қоғамдық пікірде тіпті бұрынғы-қазіргі облыс әкімінің жұмысын бағалайтын индикаторға айналды, сондықтан осы мәселеге арнайы тоқталайын. Қызылорда қаласындағы индустриялық аймақтан аталған зауытқа арнап жер бөлінді. Бюджет есебінен инженерлік инфрақұрылымдар тартылды. Техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттары дайындалды, мемлекеттік сараптама жасалды, қажетті келісімдерге қол қойылды. Сонымен, құны 52 миллиард теңге тұратын шыны зауытының құрылысы басталды, - деді облыс әкімі.