Астана қаласында теннистен 8-10 жастағы ұлдар мен қыздар арасында республикалық турнирде еліміздің мықты спортшылары бақ сынады. Аталмыш жарыста ұлдар арасында қызылордалық Жақас Қозбақ турнир жеңімпазы атанды, - деп хабарлады аталмыш облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Ол бес кездесу өткізіп, бесеуінде де қарсыластарынан басым түсті.
Облыстың бірнеше мәрте чемпионы атанып, республикалық жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп жүрген Жақас аталмыш спорт түрімен 7 жасынан бастап шұғылданып келеді. Ол енді үстіміздегі жылдың наурыз айында Дубайда өтетін халықаралық турнирде облысымыздың намысын қорғайтын болады. «Нұрсәт» теннис орталығында тәлім алатын Жақастың бапкерлері - Нұрлан Жұрымбетов пен Дмитрий Денисеня.