Үстіміздегі жылдың 13-15 ақпан аралығында Қызылорда облысының Шиелі ауданында қазақ күресінен 1996-1997 жылдары туылған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.
Үш күнге созылған жарысқа Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 340 жас балуандар 15 салмақ дәрежесі бойынша жүлделерді сарапқа салды. Дүбірлі додада ең мықтылар маусым айында Қытай елінде болатын Әлем чемпионатына және екінші орынды иеленген спортшылар Азия чемпионатына жолдама алды. Сондай-ақ, 1-орынды иеленген спортшылар қазақ күресінен ҚР спорт шебері атағының нормативін орындады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Ел біріншілігіне жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы алматылық Қасымхан Түлембай, жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері оңтүстікқазақстандық Дәулет Ниетбай, жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері қызылордалық Райымбек Рантаев, Еуразиялық спорт ойындарының жеңімпаздары, Қазақстан чемпиондары қарағандылық Ақжігіт Оралов, қызылордалықтар Рахманберді Әбдірашит пен Аязбек Шүкіров секілді бозкілем шеберлері сынға түсті.
Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев, облыстық қазақ күресі федерациясының президенті Рзақұл Нұртаев сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, аймақ тарихында әлеуметтік маңызы бар Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 60 жылдық мерейтойына орай облыста дене шынықтыру мен спорттың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды басқарма басшысы Садық Шоңмұрынұлы марапаттады.
Қазақ күресінен мемлекеттік жаттықтырушы Марат Жақыт ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығымен бекітілген қазақ күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы куәлігін Қармақшы ауданының бапкері Болатбек Кенеевке және Алматы облысының бапкері Ерлан Иманғалиевке салтанатты түрде табыстады.
Жарыс соңында түйе палуандар сайысы ұйымдастырылып, оған 24 спортшы қатысты. Олардың арасында жамбылдық Ғалымжан Қырықбаевтың мерейі үстем болды. Қарағандылық Ақжігіт Оралов екінші орынды иеленсе, Алматы облысының спортшысы Мәдияр Шәкенғалиев пен шығысқазақстандық Жасұлан Мұхамеджан қола жүлдеге қол жеткізді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің диплом, медальдарымен марапатталды.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Жамбыл облысының құрама командасы көш бастаса, Қызылорда облысы екінші орынды, Қарағанды облысы үшінші орынды еншіледі.
Жекелей есеп бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар:
Қыздар арасында:
48 келі салмақта:
1-орын Азинат Хажу (Жамбыл облысы)
2-орын Жұлдыз Кеңесбекова (ШҚО)
3-орын Аннұр Советова (Ақмола облысы)
3-орын Мақпал Есжанова (Астана қ.)
52 келі салмақта:
1-орын Кәмшат Қарасайқызы (Маңғыстау облысы)
2-орын Жадыра Таңатарова (Маңғыстау облысы)
3-орын Азиза Ошанова (Павлодар облысы)
3-орын Ұлжан Өтеген (Жамбыл облысы)
57 келі салмақта:
1-орын Гауһар Дүкенбай (Жамбыл облысы)
2-орын Тоқжан Эсенбек (Алматы қ.)
3-орын Венера Төлеубекова (ШҚО)
3-орын Мереке Сламбекова (Қызылорда облысы)
63 келі салмақта:
1-орын Мархабат Бақытбекова (Қызылорда облысы)
2-орын Ақбота Арғынғазина (Астана қ.)
3-орын Дәржан Каримова (Астана қ.)
3-орын Жанар Тағаева (Ақмола облысы)
70 келі салмақта:
1-орын Әйгерім Мұратәлі (Жамбыл облысы)
2-орын Айнұр Ақжігітова (ОҚО)
3-орын Ұлжан Дүйсенбаева (Астана қ.)
3-орын Перизат Қадырбекова (ОҚО)
78 келі салмақта:
1-орын Күлімшат Еркін (Қызылорда облысы)
2-орын Эльмира Самиғоллаева (Атырау облысы)
3-орын Шынар Әбдірахман (Алматы облысы)
3-орын Жанар Табылова (Ақмола облысы)
+78 келі салмақта:
1-орын Арайлым Шегенова (Жамбыл облысы)
2-орын Саида Қапсалықова (Атырау облысы)
3-орын Нұрсая Өтеп (ОҚО)
3-орын Анара Наурызбаева (ШҚО)
Ұлдар арасында:
55 келі салмақта:
1-орын Рахат Ұзақ (Қарағанды облысы)
2-орын Бегжан Төлепов (Қызылорда облысы)
3-орын Дәулет Ниетбаев (ОҚО)
3-орын Әділет Иманғалиев (ШҚО)
60 келі салмақта:
1-орын Қасымхан Түлембай (Алматы қ.)
2-орын Райымбек Рантаев (Қызылорда облысы)
3-орын Мейірбек Рахимов (СҚО)
3-орын Әділбек Айтқали (Ақтөбе облысы)
66 келі салмақта:
1-орын Рахманберді Әбдірашид (Қызылорда облысы)
2-орын Ерік Әмір (ОҚО)
3-орын Темірхан Әлібеков (Алматы облысы)
3-орын Бауыржан Қияс (Алматы қ.)
74 келі салмақта:
1-орын Дулат Қабдығали (Атырау облысы)
2-орын Бағдат Иса (ОҚО)
3-орын Әбдіқасым Сахан (Алматы қ.)
3-орын Айбол Айтбай (Алматы қ.)
82 келі салмақта:
1-орын Ерқанат Молдағұлов (Қарағанды облысы)
2-орын Қуандық Құсайын (ШҚО)
3-орын Алмас Жұмағали (Қостанай облысы)
3-орын Берік Ақмет (Ақтөбе облысы)
90 келі салмақта:
1-орын Қайсар Шамшидин (ОҚО)
2-орын Алмас Акрашев (ШҚО)
3-орын Дәулет Гафуров (Алматы қ.)
3-орын Қуандық Ахметов (ОҚО)
100 келі салмақта:
1-орын Нұрбек Әмірәлі (ОҚО)
2-орын Жасұлан Мұхадханов (ШҚО)
3-орын Мәдияр Шәкенғалиев (Алматы облысы)
3-орын Нұрлан Аяпбергенов (Ақмола облысы)
+100 келі салмақта:
1-орын Ақжігіт Оралов (Қарағанды облысы)
2-орын Ерназар Сіргебай (ОҚО)
3-орын Жамбыл Тұрғынәлиев (Жамбыл облысы)
3-орын Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау облысы)