
Алматы қаласында өткен тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының Кубогы сарапқа салынған айтулы жарыста аралдық жас тоғызқұмалақшы Үміт Сақташова үздік өнер көрсетті.
Бұл туралы Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жарыс барысында 7 мүмкіндіктен 6,5 ұпай иеленген Үміт Қазақстан Республикасы Кубогының иегері атанды. Осы жеңісімен бірге, «Қазақстан Республикасының спорт шебері» нормативін орындады. Жаттықтырушысы - Нұрлыбек Рысмағанбетов.