Белгілі қазақстандық кинорежиссер Рүстем Әбдiрашев Қазақ хандығы туралы 10 сериялы көркем фильмнің режиссері болды.
Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінен кейін Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, түсіру тобы негізінен жастардан құралған. Қазіргі кезде туындыны түсіру үшін локацияларды қарастыруда. Басты рөлдерге бірнеше үміткерлер іріктелді.
Бұдан бұрын, ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақ хандығы туралы фильм 20 сериядан 10 серияға дейiн қысқартылғанан хабарлаған еді. Онда Жәнiбек пен Керей хандығынан Кенесары ханға дейiнгi кезең қамтылады. Белгілі болғандай, бұл жобаны жүзеге асыруға кеңесші ретінде Қытай мен АҚШ кинокомпаниялары тартылмақ. Бұл туынды ағымдағы жылдың соңына дейін көпшілік назарына ұсынылады деп күтілуде.
Жоба Қазақ хандығының 550-жылдығын атап өту аясында жүзеге асырылмақ.