Қазалы белгілі бапкерді еске алды

Қазалы белгілі бапкерді еске алдыҚазалы ауданында Республикаға белгілі футбол бапкері Сансызбаев Серік Кеулімжайұлын еске алуға арналған аудандық турнир өткізілді. Турнирге Ақтөбе, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Байқоңыр және көршілес Арал аудандарынан және жергілікті жердің командалары барлығы 12 команда қатысты.

Турнирді «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан ашып берді. Серік Кеулімжайұлының аудандық спорт оның ішінде футболдың дамуына үлкен үлес қосқандығын және ол туралы естеліктер айтты. Екі күнге созылған жарысқа Әйтеке би кентінің әкімі Самат Аманов жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сонымен жарыс қорытындысы бойынша III орынды Шәкірттер командасы, II орынды Тұлпар /Байқоңырқаласынан/ командасы, I орынды Қазалы ауданы құрама командасы иеленді. Турнирдің жеңімпаз және жүлдегер командалары аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздары мен кубоктар және Сансызбаевтар әулетінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Бұл шараға облыстық мәслихат депутаты Ибадулла Тілеп және Ордабасы командасының шабуылшысы Дәуренбек Тәжімбетов қаржылай демеушілік жасады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 ақпан 2015 г. 652 0