Облыста жыл басынан бері қызылша ауруымен 11 адам тіркелді. Өткен жылдың аяғына дейін бір жыл ішінде 19 науқас есепке алынған болатын.
Бұл туралы бүгін облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Қызылорда облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің жұқпалы аурулар эпидемиологиялық бөлімінің басшысы Әлия Ыдырысова мәлімдеді.
Оның айтуынша, ауа райының күрт жылынуы жұқпалы аурулардың артуына әсер етеді. Қызылша ауруының басты қорғанысы - вакцина егу.
Бұл орайда Қызылорда облысында үстіміздегі жылдың 9-21 ақпанында 15-19 жас аралығындағы 42 154 адамға қосымша вакцина егіледі. Вакцина егу жұмыстары барлық аудандарда, қалалық емханалар, мектептер, жоғары және орта оқу орындарындарында барлығы 184 егу орталықтарында жүзеге асырылатын болады. Жұмысқа 215 вакцина егуші мен 763 медицина қызметкерлері тартылған. Осы мақсатқа бөлінген қаражатқа вакцина мөлшерінің 51 мыңы сатып алынды.