Сыр өңірінде шаңғыдан өткен тұңғыш жарыс өтті

Сыр өңірінде шаңғыдан өткен тұңғыш жарыс өттіҚазалыда Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған спорттық шаралар өтуде, деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.


Соның бірі - Қазалы қаласында өткізілген бүгінгі шаңғы тебу сайысы. Салауатты өмір салтын насихаттау және дамыту мақсатында ұйымдастырылған сайыс «Шағала» тынығу лагерінде өтті. Жарысқа Әйтеке би кентінің және Қазалы қаласының тұрғындары қатысып, шеберліктерін шыңдады.

Бәсеке қортындысында Құдайберген Медетов жарыс жеңімпазы болып танылды, 2-орынды Дархан Ысқақов иеленсе, Алтынбек Өтепбергенов 3-орынды қанағат тұтты.

Жалпы аудан көлемінде қысқы спорт түрлерінен эстафеталық жарыстар, қар үстіндегі спорттық ойындар, т.б. өз деңгейлерінде өткізілуде. Ал шаңғы тебуден сайыс өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Жеңімпаздар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің дипломдары және медальдармен марапатталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 ақпан 2015 г. 1 046 0