Ақпанның 15-і күні Қызылорданың «Қайсары» маусым алдындағы төртінші оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға қайта ұшады.
Жерорта теңізінің жағалауындағы жиында Дмитрий Огай шәкірттерін үш жолдастық кездесу күтіп тұр. Бұл туралы облыстық футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Алғашқы қарсылас әлі нақтыланған жоқ. Әлде Украинаның «Черноморец» командасы немесе Минскінің «Динамосы» болуы мүмкін. Ойын 18 ақпанға жоспарланған. Одан кейін ақпанның 21-інде команданы краснодарлық «Кубань» күтіп тұр. Ал 25 ақпанда қызылордалықтарға Туланың «Арсенал» командасы қарсылас атанады.
Жалпы алғанда Жерорта теңізінің жағалауында команда он күн жаттығып, 26 ақпанда елге оралады.