Жауынгер-интернационалист атындағы жүлде сарапқа түсті

Жауынгер-интернационалист атындағы жүлде сарапқа түстіҚазалы ауданы Жанқожа батыр ауылында Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 26 жыл толуына орай жауынгер-интернационалист Әзиев Нұржан атындағы жүлде үшін пневматикалық мылтық атудан оқушылар арасында аудандық турнир өткізілді. Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.


Жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, пневматикалық мылтықтан оқ ату әдісін дамыту, шеберліктерін шыңдау, аудан құрама командасын жасақтау және саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында биыл екінші жыл өткізіліп отыр. Турнирге қатысушылар пневматикалық мылтықтан ату және бөлімше командирлерінің сайысы, яғни АК-74 қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау бойынша сайысқа түсті.

Жарыс қорытындысымен жүлделі орын иемденген командалар мен жекелеген оқушылар аудандық білім бөлімінің, Қазалы аудандық «Отан» қоғамдық бірлестік кеңесінің мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарымен және Азиевтер отбасының арнайы жүлделерімен марапатталды. Пневматикалық мылтық атудан жүлделі І орынды №170 мектеп командасы, ІІ орынды №234 мектеп командасы, ІІІ орынды №165 мектеп командасы иемденді. Бөлімше командирлерінің сайысында №226 гимназия оқушысы Тұрғанбай Айбек І орын, №98 мектеп оқушысы Сейтенов Мінажат ІІ орын, №234 мектеп оқушысы Жолмырза Жақсылық ІІІ орын алды. Ал турнирдің «Мерген» бағамымен №170 мектеп оқушысы Шымберген Сұлтан, №165 мектеп оқушысы Тоқбосын Нұрсұлтан, №234 мектеп оқушысы Жақсылық Жомарт марапатталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 ақпан 2015 г. 817 0