Кеше Бас прокуратура ішкі істер органдарымен бірлесе отырып, Қазақстан азаматы Араик Айвазянды Армениядан экстрадициялады. Оған ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қызылорда облысының прокуратура органдары іздеу салған болатын.
Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, А.Айвазян 2011 жылы құрылыс компаниясының атқарушы директоры болған кезінде Арал қаласындағы көлік жолдарын жөндеуді орындау барысында 62 501 620 теңге сомасындағы бюджеттік қаражатты ұрлағаны үшін айыпталып отыр. Тергеу барысында айыпталушы тергеу органдарынан жасырынып қалған және оның тұрғылықты мекенін анықтау ұзақ уақыт бойы мүмкін болмады. Айвазян 2014 жылғы қыркүйекте Ереван қаласында ұсталғаннан кейін Қазақстанның Бас прокуратурасы белгіленген тәртіп бойынша оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ұстап беру туралы сұрау жолдаған және армяндық тарап бұл сұрауды ағымдағы жылғы қаңтарда қолдады.
Қазіргі таңда Қызылорда облысының арнайы прокурорлары аталмыш қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізуде.
khabar.kz