Қазақстан футбол федерациясының Төрешілер және нұсқаушылар департаменті биыл қызылордалық бес арбитрді Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына шақырды. Бұл туралы Қызылорда облыстық футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жиынға Қызылорда атынан ФИФА арбитрі Акмальхан Холматов, ФИФА ассистенті Серік Жаппасбаев, Премьер-лига лайнсмені Ғалымжан Айжігітов, Премьер-лига лайнсемінен үміткер Төребек Жақсылық және Бірінші лига бас төрешісі болудан үміткер Данияр Сахи аттанып кетті. Жерорта теңізінің жағалауындағы екі апталық оқу-жаттығу жиынында жерлестеріміз еліміздің алдыңғы қатарлы өзге төрешілерімен бірге теориялық және практикалық жаттығулар жүргізіп, ҚФФ Төрешілер және нұсқаушылар департаментінің басшысы Маттео Трефоллонидің басшылығымен әртүрлі физикалық тесттер тапсыратын болады.