«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тікелей
эфирінде облыс әкімінің орынбасарлары сұхбат береді. Жыл қорытындысы,
Елбасы тапсырмаларының облысымызда орындалуы, мемлекеттік бағдарламалардың
мүмкіндіктері мен аймақтың әлеуметтік-экономикалық, индустриалды-инновациялық
дамуы, өңірдегі өркенді істер мен өзекті мәселелер әңгімеге арқау болады.
12 ақпан облыс әкімінің орынбасары
Әміреев
Ғалым Махмутбайұлы - индустриялық-инновациялық даму, өнеркәсіп
кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша;
13 ақпан облыс әкімінің орынбасары
Годунова
Наталья Николаевна - еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік
қорғау, экономика, қаржы мәселелері бойынша;
16 ақпан облыс әкімінің орынбасары
Рауан
Кенжеханұлы - ішкі саясат, білім беру, спорт, денсаулық сақтау, мәдениет
мәселелері бойынша;
17 ақпан облыс әкімінің орынбасары
Әлібаев
Нұржан Нұрмағамбетұлы - энергетика, газбен қамтамасыз ету, тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық, табиғи монополияларды реттеу, құрылыс, жолаушылар
көлігі, автомобиль жолдары, төтенше жағдайлар мен жұмылдыру дайындығы
мәселелері бойынша тұрғындардың толғандырған сауалдарына тікелей эфирде
жауап береді.
Егер Сізді мазалап жүрген мәселелер және
көкейлеріңіздегі сауалдар болса, онда студия қонақтары – облыс әкімінің
орынбасарларына өз сауалдарыңызды алдын ала
27-90-75 және тікелей эфир кезінде
27-90-20 байланыс телефондары арқылы қоюларыңызға болады.
Облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасындағы
тікелей эфир уақыты сағат 19.00.