Отбасылық эстафета ҚХА жылына арналды

Отбасылық эстафета ҚХА жылына арналдыҚазақстан халқы Ассамблеясының жылы және ҚР Конституциясының 20 жылдығы аясында аудандық "Спорт клубы" МКҚ кәсіпорнының мұз айдынында "Нұр Отан" партиясының жүлдесі үшін "Берік отбасы - есірткіден алыс" атты отбасылық эстафеталық жарыс болып өтті.


Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жарыстың ашылу салтанатында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы П.Берсүгіров , «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалының бірінші орынбасары А.Жоланов сайысқа қатысушы жанұя мүшелерін айтулы мерекемен құттықтап, оларға сәттілік тіледі. Бұл күні жарыс жолына аудан орталығындағы №62, №64, №220, №260 орта мектептері өзара сайысқа түсті. Нәтижесінде ақтық жарысқа №62 және №260 орта мектептері жолдама алды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 ақпан 2015 г. 658 0