Қызылордада соғыс жылдары құрастырылған көлік Жеңіс күні салтанатты шеруге қатысады

Қызылордада соғыс жылдары құрастырылған көлік Жеңіс күні салтанатты шеруге қатысадыҚызылордада Жеңіс күні қала тұрғындары мен қонақтары соғыс жылдары жасалған ГАЗ-67 «Б» автокөлігімен саяхаттай алады. Машинаны өз қолымен құрастырған жергілікті тұрғын Валерий Валеев Ұлы Жеңістің 70 жылдығын жақсы тарту жасағалы отыр. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.


«Менікі секілді ГАЗ-67 автокөліктері 1943 жылдан бастап он жылдай шығарылды. Әлемде қазір олардың саны аз, қалғаны сол киностудияларда немесе мен сияқты энтузиастерде шығар. Менің бұл темір тұлпарды сатып алғаныма он жылдан асты, ол кезде көлік өте нашар күйде еді. Кейін ғаламтордан менікі секілді істен шыққан автокөлік таптым. Ақырындап жарамсыз қалған екі көліктің бөлшектерін құрастырып, айдауға болатын көлік жасап шығардым», -дейді Валерий Валеев.

Валеевтің әдемі әрі сирек кездесетін көлігін есепке қойған жол полицейлері техниканың үлкен маххабатпен жасалғанын, сондықтан ұзақ жылдар қызмет ететінін атап өтті.

«Жеңіс күні әсерлі болуы үшін соғыс жылдарына келетін форма тауып алдым. Мереке күндері автошерулерге қатысып тұрамын, ал Жеңіс күні балалар мен ардагерлерді көлігіме отырғызып алып, қыдыртамын. Менің көлігім тарихтың бір бөлігі деп санаймын, сондықтан басқа да адамдар оны көруі тиіс», - дейді шебер.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 ақпан 2015 г. 578 0