Байқоңыр ғарыш айлағында 2015 жылғы екінші ұшыруға әзірленуде - енді бір аптадан кейін Халықаралық ғарыш стансасына «Прогресс М26М» ғарыштық жүк кемесі аттандырылады.
Ресейғарыш баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Прогресс М-26М» ғарыштық жүк кемесін орбитаға шығаратын «Союз-У» зымырантасығышын сынау тиісті кестеге сай жүргізілуде. Ал «Прогресс М-26М» бактары сығымдалған газ бен отын компонетнттері құйылғаннан кейін операцияның қорытынды кезеңі үшін монтаждау-сынақ корпусына жіберілді.
Сонымен бірге №1 ұшыру кешенінде ғарыштық мақсаттағы «Союз-У» мен «Прогресс М-26М» жүк кораблін қабылдау жүргізілуде.
«Союз-У» ғарыштық зымыраны мен «Прогресс М26М» жүк кораблін ұшыру 17 ақпанға, Астана уақытымен сағат 17:00-ге жоспарланып отыр.