Жалағашта 6 жылжымайтын мүлік жария етілді

Елімізде мүлікті жария ету жұмыстары 2014 жылдың 1 қыркүйек күні басталды. Бүгінгі күнге Жалағаш ауданында мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясы құрылып, жұмыс жүргізуде.
Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияға 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2015 жылдың 2 ақпанына дейінгі мерзім аралығында жылжымайтын мүлкін жария ету жөнінде барлығы 12 өтініш келіп түскен. Келген өтініштер бойынша мүліктердің жалпы сомасы 52 620,0 мың теңгені құраған. Соның ішінде бүгінгі күнге дейін жалпы бағасы 35 500,0 мың теңгені құрайтын 6 жылжымайтын мүлік жария етілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 ақпан 2015 г. 599 0