ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев 2015 жылғы 18 ақпанда сағат 11.00-де Н.Бекежанов атындағы драма театрда халық алдында есеп береді.
Халықтың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлері үшін арнайы жәшіктер төмендегі мекен-жайларда орнатылған:
Арал ауданы бойынша:  аудан әкімдігі ғимараты,   аудандық мәдениет үйі ғимараты 
Қазалы ауданы бойынша: аудандық пошта, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Қазалы темір жол вокзалы. 
Қармақшы ауданы бойынша: Жосалы кенті әкімі аппаратының ғимараты, Вокзал ғимараты, «Халық Банк» АҚ аудандық бөлімшесінің ғимараты,  «Қазпошта» аудандық байланыс мекемесінде.
Жалағаш ауданы бойынша: Аудан әкімі аппаратының  ғимараты, аудандық мәдениет үйі ғимараты, Халыққа қызмет көрсету орталығы.
Сырдария ауданы бойынша: Аудандық мәдениет үйі, аудан әкімдігі ғимараты, №35 орта мектеп, № 36 орта мектеп, №210 орта мектеп, аудандық орталық аурухана, кент әкімдігі ғимараты, №131 орта мектепте.
Шиелі ауданы бойынша: Темір жол вокзалы,   «Халық Банкі» филиалы, Халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы.
Жаңақорған ауданы бойынша: Аудан әкімі аппаратының ғимараты, Жаңақорған кент әкімдігінің ғимараты.
Қызылорда қаласы бойынша: Темір жол вокзалы ғимараты,  «Жайна» базары, «Арзан» базары, «Жаңа базар» базары, «Сыбаға» базары, «Универсам» сауда үйі,  Автовокзал ғимараты, Титов қыстағы М.Ералиева атындағы мәдениет үйі,  Әуежай ғимаратында орналастырылған.
Ескертпе: Барлық аудандардағы, Қызылорда қаласындағы ауылдық округтер мен кенттерде әкім аппараты немесе ауылдық клуб ғимараттарында жәшіктер орналастырылған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 ақпан 2015 г. 865 0