«Әкем, анам және мен - спортсүйер отбасымыз»

«Әкем, анам және мен - спортсүйер отбасымыз»Үстіміздегі жылдың 6 ақпан күні облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Мұз айдыны» спорт кешенінің ойын залында Қазақстан халқы Ассамблея жылына орай «Әкем, анам және мен - спортсүйер отбасымыз» атты эстафеталық сайысы өтеді.


Аталмыш сайысқа облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің түрлі ұлт өкілдерінен құралған 10 отбасы қатысады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Сайыстың мақсаты - отбасылық құндылықтарды сақтау және отбасылар арасындағы қарым-қатынасты дене шынықтыру мен спорт арқылы нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Жарыста 1, 2 және 3-ші орындарды иеленген жанұялық командалар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 ақпан 2015 г. 745 0