Облыс әкімі «Аралтұз» кәсіпорнының жұмысымен танысты

Облыс әкімі «Аралтұз» кәсіпорнының жұмысымен таныстыЖақсықылыш кентінде болған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Аралтұз»АҚ-ның жаңадан пайдалануға берілгелі тұрған тұз қалталау цехының жұмысымен танысты, деп хабарлады Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Аталмыш  қалталау цехына Ресей елінен 5 дана жаңа автомат алынып, өндіріске еңгізіліп, табысты  жұмыс істеп тұр. Бу қазандығына жаңа қазан орнатылып, мазут отынынан сығымдалған газға, яғни арзан отын түріне ауысы жұмысы жүргізіліп іске қосылды. Сонымен қатар, тұз өңдеу цехының жанынан брикет  бөлімшесі ашылды. Қазіргі күні бөлімшеге 4 дана  солпресс  құрылғысы (станок) қондырылған. Ауысым кестесіне сәйкес бүгінде 3 құрылғы  жұмыс  жсап тұр. Әр құрылғы ауысымында 9.0 тонна  көлемінде өнім  шығарады. Тәулігіне  24 тонна  өнім  шығару  жоспарланған.  Ал айына  750 тонна брикет тұзын шығару кәсіпорын басшылығымен  межеленуде.

Кәсіпорынның  «Брикет»  бөлімшесінде  40 қызметкер жұмыс атқарады. Брикет тұзы  сығымдалып  (престеліп) кірпіш  көлемінде  шығарылады. Өңделген  тұз, негізінен  мал  шаруашылығына арналған. Мекеме қайта жарақтағаннан кейiн, шығарылатын тұздың сапасы айтарлықтай артқан. Бұл жөнінде өңір басшысы Қырымбек Көшербаев  тілге тиек етіп, өндіріс жұмысына оң бағасын берді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 ақпан 2015 г. 897 0