Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болдыБүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды.
    Алдымен облыс әкімдігінде орналасқан ситуациялық орталықтың жұмысымен танысты. Орталықтың жұмысымен таныстырған облыс әкімінің орынбасары Н.Годунова аймақтың даму жоспарына өзгерістер мен жүзеге асуы осы жерде  қадағаланатынын атап өтті.
    Мұнан соң  бірінші вице-премьер орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар басшыларының және бизнес қауымдастық өкілдерінің қатысуымен отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелері бойынша кеңес өткізді.
    - Қазіргі дағдарыс кезінде маңызды міндеттердің бірі шетелдік инвестицияларды тарту, деп атап өтті Сағынтаев. «Осы орайда Еуропа Қайта құру және Даму банкімен жалпы құны 63 млрд теңге болатын 8 жобаға қол қойған Қызылорда облысының тәжірибесі басқа аймақтарға үлгі боларлықтай», - деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев.
    Дүниежүзілік сауда ұйымымен Еуразиялық экономикалық одақ жағдайында Қазақстан үшін өндірілетін тауар мен қызметтердің сапасын арттыру маңызды.
    - Әлемдік нарыққа шығу үшін бәсекеге қабілетті өнім шығару керек. Мемлекет жан-жақты қолдау көрсететін болады, дегенмен сіздер де сапалы өнім өндіріп, бәсекеге төтеп бере алуларыңыз шарт,- деді бірінші вице-премьер.
    Кеңес қорытындысы бойынша Қызылорда облысы әкімдігі, ұлттық компаниялар мен жергілікті қамтуды дамыту бойынша жергілікті тауар өндірушілер арасында жалпы құны 39 млрд теңге болатын бірқатар меморандумдарға отырды. Келісімге «ҚазАтомПром», «ҚазМұнайГаз» және «Қазақтелеком» ақционерлік қоғамдары қол қойды.
    Сондай-ақ, Қызылорда облысының әкімдігі мен жүйе құрайтын кәсіпорындар жұмыс орындарын сақтау және өндірістік үдерістерді тұрақтандыру бойынша меморандумдар жасасты. Үш жақты келісімге Қызылорда облысы әкімдігі, облыстық кәсіподақ және «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «ҚазГерМұнай» ЖШС, «Аралтұз» АҚ, «Абзал және К» ЖШС, «Жанрос Дриллинг», «Сибу» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қол қойды.
    Бұдан кейін, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барды. Автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізу куәлігін алуға қатысты барлық мемлекеттік қызметтерді бір кешеннен алуға мүмкіндік береді. Мұнда жүргізуші куәлігіне тапсырылатын емтихан толығымен автоматтандырылған. Яғни, электронды бағалау жүйесімен жабдықталған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 ақпан 2015 г. 883 0