« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Тіректі елді мекендер» тізіміне енген Аққорған ауылында 2014 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде ауыл әкімі С.Садықов баяндады. Аталмыш ауылда кәсіпкерлік саласы кең қанат жаюда. Сөзімізге дәлел - ауылда бірнеше азық-түлік дүкендері, тұрғын үй жиһаздары мен пластикалық материалдардан есік, терезе жасау орындары және наубайхана халыққа тұрақты түрде қызмет көрсетуде. Ал келер жылы кәсіпкер З.Мамбетов аумағы 1,0 га жылыжай және көкөніс, жеміс-жидек консервілеу цехын ашуды жоспарлап отыр.
«Қазір кәсіпкер сол үшін жер учаскесін құжаттарын рәсімдеп, қаржы институттарымен байланысуда», - дейді ауыл әкімі.
Мұнан кейін аудан басшысы Сұлтанбек Тәуіпбайұлы ауданның 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде хабарлама жасап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, аудан орталығындағы ХҚҚО мемлекеттік мекемесі мен Халық банкінде қызмет көрсету кезінде кезектің тым көп екендігін айтып, осы мәселені бір ретке келтіру жөнінде өтініштерін білдірді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |