Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелері марапатталды

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелері марапатталдыҚызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелері марапатталды.

Бұл туралы Өңірлік кеңес отырысында кеңес төрағасы Асқар Махамбетов хабарлады.

Ағымдағы жылғы 27 қаңтарда Астана қаласында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ІІ Съезі өткен болатын. Аталмыш Съезге Қызылорда облысынан Өңірлік кеңестің 4 мүшесі - Асқар Махамбетов, Қайрат Боранбаев, Аралбай Қозбақов, Қанағат Сақтағанов делегат болып қатысты.

Биыл Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық кәсіпкерлерге арналған медаль тағайындады. Съезде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Президиум төрағасы Тимур Құлыбаев республика бойынша он кәсіпкерге аталмыш медальды табыс етті. Он кәсіпкердің бірі - Қызылорда облысынан Өңірлік кеңес мүшесі Қайрат Боранбаев. Кәсіпкерлікті, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін және халықаралық әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін Қайрат Боранбаев «Ісіне адалдығы үшін» медалімен марапатталды.

Бұдан өзге, Кеңес отырысында Асқар Махамбетов мінсіз еңбегі мен жоғары кәсіби біліктілігінің арқасында ұзақ жылдар бойы елдің экономикасын өркендетуге қосқан үлесі үшін Өңірлік кеңестің мүшелері Қанағат Сақтағанов, Ерлан Раимов және Данияр Жанұзақовты Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Құрмет грамотасымен» марапаттады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 қаңтар 2015 г. 1 006 0