Адам қаққан жүргізуші жазасын алды

Адам қаққан жүргізуші жазасын алдыЖалағаш аудандық сотында азамат Г-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, азамат Г. 2014 жылдың 24 қазанында ауданға қарасты Мәдениет ауылында басқаруындағы «Ауди-100» маркалы автокөлігімен жол жиегінде кетіп бара жатқан жаяу жүргінші жәбiрленушi И-ді қағып кетіп, жәбiрленушiнің денсаулығына жеңіл дәрежеде зақым келтірген. Яғни ҚР ӘҚБтК-нің 468 бабының 2 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған. Сот қаулысымен ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 468 бабының 2 бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, 1 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы белгіленді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қаңтар 2015 г. 805 0