Facebook желісін пайдаланушылардың саны 1,38 млрд-қа жетті

Facebook желісін пайдаланушылардың саны 1,38 млрд-қа жеттіFacebook әлеуметтік желісін айлық пайдаланушылардың саны 2014 жылғы 4 тоқсанда 2,2 пайызға артып, 1, 38 млрд-ты құрады. Бұл деректер компанияның тоқсандық есебінде келтірілді.
Компанияның пайдасы тарихта алғаш рет жылына $10 млрд-қа жетті: 2014 жылы Facebook $12,47 млрд табыс тапқан. Бұл 2013 жылғы түсіммен салыстырғанда, 58%-ға көп.

2014 жылғы төртінші тоқсанда үшінші тоқсан нәтижелерінен 49 пайызға артып, 3,85 млрд. долларды құрады. Ол кезде компания 3,77 млрд. пайда тапқан.

2014 жылғы үшінші тоқсанда ай сайынғы желіні пайдаланушылардың саны 1,35 млрд-қа артқан.
 
ҚазАқпарат
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қаңтар 2015 г. 704 0