"Бала - басты жолаушы"

"Бала - басты жолаушы"Балалардың жол-көлік травматизмі елімізде белең алып келе жатырған проблемалардың бірі. Егер 10 жыл бұрын балалардың қатысуымен орын алатын жол көлік оқиғалардың көбісінде балалардың кінәсінен болатын болса, онда қазір осындай жол көлік оқиғалары ересектердің жауапсыздығынан болып отыр.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, республика көлемінде 2014 жылы жасөспірімдердің қатысуымен 232 жол-көлік оқиғасы орын алса, 4,6 мыңнан астамы әр түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған. Жарақат алған әр баланың үштен бірі көлікте жолаушы ретінде болған. Көптеген жағдайларда балалардың ата-аналары жауапсыздық танытып, көлікте қауіпсіздік құрылғыларын пайдаланбауынан осындай жағдайлар орын алуда.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, көліктегі балаларға арналған қауіпсіздік құралдары жол көлік оқиғалары кезінде бүлдіршіндер арасындағы қайғылы оқиғаларды 71 пайызға дейін, ал ересек балалар арасында 64 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік беретін көрінеді. Осыған орай, ағымдағы жылдың 22 қаңтар-7 ақпан күндері облыс көлемінде «Бала – басты жолаушы» атты кең ауқымды түсіндіру кампаниясы өткізілуде.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – балаларды автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде балаларды ұстау құрылғысын пайдалану қажеттілігі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жол-көлік жарақаттануының алдын алу, жолын кесу болып табылады.
Іс-шара аясында облыстық әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесе облыс орталығындағы 10-нан астам мектептерде ата-аналармен кездесу өткізді. Аймақтық жиналыстарда ата-аналарға балаларды көлікте тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік шаралары жөнінде, оның ішінде балаларға арналған ұстап тұратын құралдардың тиімділігі жөнінде түсіндірілді. Сонымен қатар, кездесу барысында 25 км/сағ уақытында көліктің соқтығысуы кезіндегі автокресломен жасалған краш-тестты көрсете отырып, біршама статистикалық мәліметтер берілді. Өз кезегінде ата-аналар тәртіп сақшыларына жолда келеңсіздік тудыратын кейбір жайттарға қатысты ақыл-кеңес сұрап, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Бұл іс-шара ПИК өкілдерімен біріге отырып барлық оқу орындарда, денсаулық сақтау мекемелерінде, перзентханаларда, перинаталды орталықта жалғасын табатын болады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қаңтар 2015 г. 1 612 0