Қарашеңгелдің түні жарқырай түседі

Қарашеңгелдің түні жарқырай түседіӘлеуметтік нысандар басты назарда. Бұл туралы Қазалы ауданы әкімі Бахыт Жаханов Қарашеңгел ауылдық округ тұрғындармен өткізілетін есепті кездесуінде айтты, деп хабарлайды аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Аудан орталығынан 12 км қашықтықта орналасқан Қарашеңгел ауылдық округі құрамына Жалаңтөс батыр, Үйрек, Водокачка, Алтай, Ойынды, Көбек елді мекендері кіреді. Барлығының халық санын қоса есептегенде – 283 отбасыда 1561 адамды құрайды.
Ауылдық округте ұзындығы 21,1 шақырымды құрайтын 14 көше бар. Осыған дейін оның 4-і жарықтандырылса, биылғы жарықтандыруға бюджеттен 508 мың теңге бөлініп отыр.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» шеңберінде Жалаңтөс ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізіліп, нысан қазіргі таңда халық игілігі үшін қызмет етуде.
2015 жылы Жалаңтөс батыр ауылындағы ауылдық кітапхананың ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу қолға алынып отыр. Және де Ұлы Жеңістің 70 жылдығына «Жеңіс жұлдызы» стелласын жасауға – 3349,0 мың теңге бөлініп отыр.
Сондай-ақ, Жалаңтөс батыр ауылынан 50 орындық балабақша құрылысын және Водокачка ауылынан медициналық пункт құрылысын салу жоспарлануда.
Халықпен кездесуде кезінде ауыл тұрғындары өздерінің толғандырған мәселелерін қойып,тиісті жауаптарын алды. Ауыл ақсақалдары өз алғыстарын айтып, алда атқарылар жұмыстарына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 қаңтар 2015 г. 570 0