Қоғамдық тәртіп
басты назарда – бұл туралы ҚР Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы «Әкімдердің
халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №615 Жарлығына сәйкес Қазалы
ауданы әкімі Бахыт Жаханов Мұратбаев ауылдық округ тұрғындармен өткізілетін
есепті кездесуінде айтты, деп хабарлайды аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.
2014 жылы Ғ.Мұратбаев
ауылында республикалық және облыстық бюджет қаржысы есебінен типтік жобадағы
дәрігерлік амбулатория ғимараты пайдалануға берілді. Дәрігерлік амбулаторияда
10 адамға арналған күндізгі емдеу бөлімі жұмыс жасайды. Жыл көлемінде күндізгі
емдеу бөлімінде 72 адам ем қабылдаса, Флюграфиялық тексеруден 724 адам
өткізіліп, 37 сәби дүниеге келген.
Бұрынғы емхана
ғимараты ауылдық округі әкімдігінің теңгеріміне алынып, қызмет көрсету орталығы
ретінде қайта бейімдеу жұмыстары атқарылған.
Ғ.Мұратбаев
атындағы №91 орта мектепке және №15 «Балдәурен» балабақшасына күрделі жөндеу
жұмыстары жүргізілмек.
Экологиялық
ахуалды жақсарту мақсатында «Әйтеке би-Ғ.Мұратбаев» автомобиль жолының екі жағындағы
4 гектар
жасыл белдеуге 2500 түп көлеңкелі ағаш егілген. Облыстық бюджеттен бөлінген 5,0
млн теңгеге «Ақарық» және «Бектібай» каналына 3 жерге су тоспалары (шлюз)
орнатылды.
Сыбайлас
жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын-алуға байланысты жыл көлемінде 10 рет
ауыл тұрғындары, қоғамдық ұйымдар мүшелері, мекемелер қызметкерлерінің және
жұмысшы тобының қатысуымен дөңгелек үстелдер,
отырыстар мен құқықтық оқулар өткізілген. Қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың
алдын-алу мақсатында ауылдық округі әкімдігі жанынан «Қоғамдық кеңес» құрылып,
жұмыс жасауда.
Өңірде мемлекеттік «Сыбаға», «Жұмыспен қамту
- 2020», «Дипломмен ауылға», «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары бойынша
жұмыстарды одан әрі жалғастыру мақсатында жоспарлар құрылуда.
Ғ.
Мұратбаев ауылының тұрғындары кездесу кезінде өздерінің сұрақтарын қойып,
тұшымды жауаптарын алды. Ауыл халқы есепті кездесуде атқарылып жатырған
жұмыстарға оң бағаларын беріп, алдағы атқарылар жоспарларға келісетіндіктерін
жеткізді.