Жаңадан құрылған басқармаларға басшылар тағайындалды

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың өкімдерімен жаңадан құрылған басқармаларға жаңадан басшылар тағайындалды.
    Облыс әкімінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы өкімімен Мұхамедов Бағдат Бахтиярұлы Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
    Бағдат Бахтиярұлы 1961 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген. Мәскеу қаласындағы Жерге орналастыру инженерлер институтын - инженер-жерге орналастырушы және Қазақ мемлекеттік Заң академиясын - заңгер мамандықтары бойынша бітірген.
    Еңбек жолын 1985 жылы «Қызылордасельстрой-16» мекемесінде жұмысшы ретінде бастаған. 1987-1997 жылдары «Казгипрозем» жобалау институтының Қызылорда филиалында инженер-жерге орналастырушы, Облыстық агроөнеркәсіп комитетінің бас маманы, Жерге орналастыру және жер қатынастары жөніндегі облыстық комитетінің бас маманы, бөлім бастығы, 1997-2003 жылдары Облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы, 2003-2013 жылдары облыс әкімінің орынбасары, облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрағасы, облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының бастығы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өніраралық жер инспекциясы батығының орынбасары, ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының бастығы лауазымдарында қызмет атқарған.
    2013 жылдан осы кезге дейін Жер ресурстарын басқару комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының басшысы қызметін атқарып келді.
    ________________________________________
    Облыс әкімінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы өкімімен Апетов Ерсұлтан Амантайұлы Қызылорда облысының ветеринариялық бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
    Ерсұлтан Амантайұлы 1974 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін - мал дәрігері мамандығы бойынша бітірген.
    Еңбек жолын 1997 жылы Жаңақорған ауданы Миялы ауылдық кеңесінің ветеринары ретінде бастаған. 1998-2005 жылдары Жаңақорған аудандық ветеринариялық стансасында және бірқатар шаруа қожалықтарында ветеринар болып қызмет атқарған. 2005-2012 жылдары Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясының жетекші маманы - ветеринариялық инспекторы қызметін атқарған.
    2012 жылдан бастап осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясының басшысы қызметін атқарып келді.   
    _______________________________________
    Облыс әкімінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы өкімімен Мыңбаев Қанат Тұрсынбайұлы Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
    Мыңбаев Қанат 1978 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетін - инженер-механик және экономист, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін - инженер-құрылысшы мамандықтары бойынша бітірген.
    Еңбек жолын 2000 жылы «Ернұр» ЖШС-де прораб болып бастаған. 2010-2011 жылдары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы; 2011-2012 жылдары - ҚР Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық агенттігінің лицензиялау басқармасының бас сарапшысы; 2012-2013 жылдары -                ҚР Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық агенттігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы;            2013-2014 жылдары - ҚР Аймақтық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық комитетінің аттестациялау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
    2014 жылдан осы кезге дейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау  департаментінің басшысы қызметін атқарып келді.
    ________________________________________
    Облыс әкімінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы өкімімен Назаров Ерлан Асылбекұлы Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
    Ерлан Асылбекұлы 1983 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Экономист-менеджер, әлеуметтік ғылым магистрі. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін және  Америка Құрама Штаттарындағы Дьюк университетін бітірген.
    Еңбек жолын 2004 жылы Қызылорда облысы бойынша статистика басқармасының жетекші маманы ретінде бастаған. 2006-2007 жылдары «К-ЮТСервис» ЖШС-де экономист, 2007-2008 жылдары Қызылорда облысының қаржы департаментінің маманы, жетекші маманы, бас маманы, Қызылорда қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, 2008-2010 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының экономикалық талдау және мониторинг, сондай-ақ, экономика және инфрақұрылымды дамыту бөлімдерінің меңгерушісі, 2010-2013 жылдары Жалағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы,  Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
    2013 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысының сыртқы байланыстар басқармасының басшысы қызметін атқарып келген.
    ________________________________________
    «Қызылорда облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылды.
    Осыған байланысты, облыс әкімінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы өкімімен Тлеуімбетов Мұрат Жолкелдіұлы Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына қайта тағайындалды.
_    _____________________________________

    «Қызылорда облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылды.
    Осыған байланысты, облыс әкімінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы өкімімен Абдрахманов Ержан Ахметұлы Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы лауазымына қайта тағайындалды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қаңтар 2015 г. 935 0