«Бәрі де балалардың бақыты үшін»

«Бәрі де балалардың бақыты үшін»«Нұрлы жол» қоғамдық қоры және Қызылорда қалалық білім бөлімі, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет және тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт, ішкі саясат бөлімдері арасында арнайы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш меморандум негізінде Қызылорда қаласы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде республикалық «Қамқорлық» акциясына аясында, «Бәрі де балалардың бақыты үшін» тақырыбында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Ұйымдастырылған акция барысында орта білім ұйымдарында үйден оқитын білім алушылар мен мүмкіндігі шектеулі 25 балаға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 5 жетім балаға қолдау көрсетіліп, арнайы әзірленген бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Шарада қала әкімінің орынбасары Роза Боханова, қалалық білім бөлімінің басшысы Марат Аралбаев сөз сөйлеп, жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Сондай-ақ, қайырымдылық кештің құрметті қонағы «Нұрлы жол» қайырымдылық қорының президенті Мейрамбек Жұмағұлов сөз сөйлеп, балаларға қор атынан ұялы планшеттер сыйлады. Қала мектептерінен республикалық байқаулардың лауреаттары өнерпаз оқушылар өз өнерлерін көрсетті.

Шара соңында «Нұрлы жол» қайырымдылық қоры балаларға тәтті тағамдар ұсынып, арнайы дастарқан жайды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қаңтар 2015 г. 846 0