Жеңістің 70 жылдық мерекесін атап өту жоспары бекітілді

Жеңістің 70 жылдық мерекесін атап өту жоспары бекітілдіҰлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерекесін ауданда атап өту үшін комиссия құрамы мен іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл туралы Қазалы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы, 1941 жылы Ұлы Отан соғысына ауданнан 10770 жауынгер аттанған болса, оның ішінде 4541-і елге оралмаған. Қазіргі таңда, ауданда 12 Ұлы Отан соғысының ардагері мен 6 соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтар бар.

Жеңістің 70 жылдық мерекесін өз деңгейінде атап өту мақсатында ауданда дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Бұл туралы аудан әкімдігінің аппарат мәжілісінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жаппарберген Жалғасбай өз хабарламасында жеткізді.

Мәжіліс төрағасы Бахыт Жаханов кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне төмендегіше тапсырмалар берді.

Жеңістің 70 жылдық мерекесіне байланысты елді мекендерде жаңадан ескерткіштер орнатуға және бұрынғы ескерткіштерді абаттандыруға бөлінген қаржыны мақсатты игеріп, атқарылатын жұмыстардың сапасын және мерзімінде аяқталуына, Ұлы Отан соғысы ардагерлері тұрып жатқан тұрғын үйлерінің маңдайшасына «Бұл үйде Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады» деп жазылған тақтайшаларды ілу жұмыстарын 2015 жылдың 1 наурызына дейін, Жеңістің 70 жылдық мерекесіне байланысты билборд дайындап, ілу жұмыстарын 2015 жылдың 1 наурызына дейін, елді мекендерде Жеңістің 70 жылдығы мерекесін жоғары деңгейде атап өту мақсатында дайындық жұмыстарын жүргізілуіне, демеушілер арқылы Ұлы Отан соғысына қатысушыларға үйіне барып, сыйлықтар табыс етіп, құрмет көрсетілсін.

Сонымен қатар, амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық ауруханасы, апаттар медицинасының теміржол госпиталі, аудандағы денсаулық сақтау ұйымдарында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін кезексіз қабылдануын қамтамасыз етуге, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне аудандағы қоғамдық автокөліктерге Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің тегін жүруін қамтамасыз етуге, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне аудандағы ардагерлер мен мүгедектерге мемлекет тарапынан төленетін жәрдемақыларды уақыты берілуін қамтамасыз етуге, Ұлы Отан соғысына қатысушыларын құрметтеу шараларын ұйымдастыруға, қажетіне қарай оларға үйіне барып құрмет көрсету кестесін бекітіп, жауапты тұлғаларды белгілеп, аудан әкіміне ұсынуға тапсырмалар берді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қаңтар 2015 г. 1 164 0