Сең қаупі сейіліп келеді

 дегенмен сақтық шараларын ұмытпаған жөн  

Сең қаупі сейіліп келедіДария жағалауындағы облыс жұртшылығы үшін өзен арнасында сең жүретін көктем маусымының басы қарбаласқа толы болатынына көз үйренген. Бірақ биыл қыс жылы болып, арнада сең ерте жүрді.
Жылдағыдан ерте басталған сең қаупін алдымен Шиелі ауданындағы Ботабай, Жөлек ауылдары сезініп те үлгерді. Осы елді мекендерде бірнеше үйді су басып, төтенше жағдай қызметкерлері қауіптің бетін қайтару үшін біршама жұмыс атқарды. Мамандардың айтуынша, қазір дария арнасы тұрақты бақылауда тұр. Бірақ бұл қауіп толық сейілді деген сөз емес. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Жұмахан Нұрсейітовтің айтуынша, бүгінгі күні сең Жалағаш ауданының аумағына жетті. Дария арнасына келіп жатқан су көлемін азайту үшін 2014 жылғы 28 желтоқсаннан бастап  Көксарай су реттегішіне су жинау басталды. Шардарадан бізге қарай түсетін су көлемі секундына 600 текше метрден 400 текше метрге дейін азай­ды. Осы жылғы 2 ақпаннан бастап осы көлемді тағы да 100 текше метрге азайту жоспарлануда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қаңтар 2015 г. 897 0