Адамдар көбіне қандай дерттен мүгедектікке шалдығады?

Адамдар көбіне қандай дерттен мүгедектікке шалдығады?Адамдардың мүгедекке айналуындағы ең бірінші себеп - қан айналымындағы ауруларға шалдығу болып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова айтты.

«Елімізде 627 мың мүгедек тұрады. Олар республика бойынша жалпы халық санының 3,7 пайызын құрайды. Бұлардың ішінде еңбек жасындағы мүгедек жандар 65 пайыздан, зейнет жасындағылар 24 пайыздан, балалар 11 пайыздан асып отыр. Тірек-қимыл аппараты бұзылғандардың саны 142 мың адам немесе 22 пайыз, көру қабілеті бұзылған азаматтардың саны 75 мың немесе 12 пайыз, есту қабіті бұзылғандар 22 мың адам немесе 4,3 пайызды құрайды. Адамдардың мүгедекке айналуындағы ең бірінші себеп - қан айналымындағы ауруларға шалдығу болып отыр. Екінші орында балалардың психоневрологиялық ауытқулармен туылуы тұр. Үшіншіден - қызметке байланысты аурулар», - деп атап өтті вице-министр.

Ата кетейік, заң жобасы 24 нормативтік-құқықтық актіге, оның ішінде 4 кодекске өзгерістер енгізеді.
  
ҚазАқпарат
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қаңтар 2015 г. 695 0