Қызылордада жүзден аса қоян атқан аңшылар ұсталды

Қызылордада жүзден аса қоян атқан аңшылар ұсталдыҚызылорда облысының Қармақшы ауданында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің инспекторлары қояндарды заңсыз атқандарды құрықтады.

Атап айтқанда, 3 автокөлік мінген 8 жергілікті тұрғынды ұсталды. Тексеріс барысында 129 қоянның тұтас еті, 4 аңшы мылтық тәркіленді.
Заңсыз қоянды аулағаны үшін 5 АЕК көлемінде әкімшілік жаза қарастырылып отыр. «Жалпы көлемде браконьерлер шамамен 1 млн. 300 мың теңге төйлеуі тиіс. Қазіргі таңда аталған факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына бағытталды», делінген ҚР АШМ мәліметінде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қаңтар 2015 г. 997 0