Шахматтан өткен облыс біріншілігіне 75 жастағы ақсақал қатысты

Шахматтан өткен облыс біріншілігіне 75 жастағы ақсақал қатыстыҚызылорда қаласында қаңтардың 14-18 аралығында шахматтан ерлер арасында облыс біріншілігі өтті. Оған Қызылорда қаласы мен аудандардан қатысқан 6 команданың құрамында 40-қа жуық ойыншы бақ сынады. Шахматшылардың ең жасы сегізде болса, үлкені 75 жастағы қызылордалық ақсақал - Еркін Бекенов. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.


Ойын швейцар жүйесі бойынша 7 турға созылды. Осы жарыстан 1, 2 орынды иеленген жеңімпаз бен жүлдегерлер үстіміздегі жылдың 19-28 ақпан аралығында Павлодар қаласында өтетін ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатына жолдама алды.

Жарыс қорытындысы бойынша, қызылордалықтардың мерейі үстем болды. Атап айтсақ, 6,5 ұпаймен Юра Егай облыс жеңімпазы атанды. Дәл осындай ұпаймен екінші орынды Роман Смолоногов иеленді. Ұпай саны бірдей болғанымен Роман коэффиценті бойынша алға шықты. 5 ұпаймен Қадыр Жамаладин қола жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетейік, жарысқа қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылған жоқ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қаңтар 2015 г. 686 0